Тайынша ауданында мал шаруашылығы және ауыз су мәселесі бақылауға алынды
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Тайынша ауданына барып, онда ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және инвестициялық саясат мәселелеріне ерекше назар аударды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту Макашевка ауылында «Асар» ЖШС 400 басқа арналған жаңа тауарлы-сүт фермасын іске қосты. Бұл кәсіпорын СҚО-ның табысты тәжірибесін ауқымдау бағдарламасына қатысқан алғашқылардың бірі болды. Қарыз қаражаты симменталь тұқымды мал және…
