Спорттағы жетістік – елдің мәртебесі: Спортшы мен жаттықтырушы «Құрмет» орденімен марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен спортшы Наталья Богданова мен оның жаттықтырушысы Дастан Қабденов «Құрмет» орденімен марапатталды. Облыс әкімі спортшыларды осы жоғары мемлекеттік награданы алуларымен құттықтады.

Өңір басшысының атап өтуінше, Наталья мен Дастан өз үлгілерімен елімізді даңққа бөлеп, спорттың дамуына елеулі үлес қосуда, сондай-ақ облыстың беделін республикалық және халықаралық деңгейде нығайтуға атсалысуда.

«Сіздерге одан әрі жеңістер, зор денсаулық және еліміздің игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!», — деді облыс әкімі.

Бұл марапат – Солтүстік Қазақстан облысындағы спортты дамытуға және патриоттық құндылықтарды насихаттауға баса назар аударылып отырғанын көрсетеді. Спортшылардың жетістігі – еліміздің бірлігі мен рухын нығайтатын маңызды фактор.

Similar Posts

Добавить комментарий