«Даму» қоры өзі кепіл болады

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Биыл кәсіпкерлікті дамыту бағытында біршама өзгерістер орын алды. Маусым айында «Өрлеу» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды.

Мемлекет тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту саласына «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 750 млрд теңге бөліп отыр. Соның ішінде «Даму» қорына 350 млрд теңге, банктерге 400 млрд теңге қаржы бөлуді міндеттеп отыр. Нақтырақ айтқанда, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиенің «Даму» қоры 40 пайызын, банк 60 пайызын құяды. «Өрлеу» экономиканың басым бөлігі болып табылатын стратегиялық маңызды кәсіпорындар, өңдеу өнеркәсібі, денсаулық сақтау, білім беру, көлік және логистика, ішінара ауыл шаруашылығын қаржыландырады. Кәсіпкер жаңа бағдарлама арқылы 12,6 пайызбен он жылға 7 млрд теңге дейін жеңілдетілген несие ала алады. Ал кәсіпті толықтыруға үш жылға 3,5 млрд теңге қарастырылған.

Бюджет тапшылығынан бизнесті субсидиялау маусымда тоқтады. Субсидияға балама ретінде «Өрлеу» бағдарламасы маусым айында іске қосылды. Басты назарда шағын және орта кәсіпті қаржыландыру болып отыр. «Өрлеудің» артықшылығы біріздендіру қалпымен жүреді. Инфляция болған жағдайда да 12,6 пайыз сол қалпын сақтайды.  Мемлекеттің тапсырмасымен екі қор құрылды: орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 7 млрд теңгеге дейін және ірі өңдеу өндірісі үшін 7 млрд теңге асатын жобалар. «Даму» қоры несие алған жылдарына 7 млрд теңгеге дейін кепіл қоя алады. Өтініш қарауды тездету мақсатында кәсіп иесіне кепілдік портфелін беру туралы шешім қабылданды. Лимит банктерге бөліп берілді. Кепілдік портфелінің артықшылығы шешімді бір күнде шығарып береді.  «Даму» қоры ірі жобаларға да инвестиция құюды жоспарлап отыр, соның бірі Петропавлға тиесілі.

«Даму» қоры бұған дейін кәсіпкерлердің бизнесіне араласуына құзіреті жоқ еді, қазір қор білікті кәсіп иелеріне, кәсіп бастаушыларға тегін курстар өткізе алатын болды. Қор мамандары шілде айынан бері кәсіпкерлерді маркетплейс арқылы сатуға үйретуді қолға алды. «Қазақстанда жасалған» брендін басты назарда ұстайды. Шағын және орта кәсіп ашқан кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беруді, жаңа жұмыс орнын ашуға қолдау көрсетеді. Бизнесті қаржыландыруға көмектескен үкімет бюджеттің түсімін қатаң тексереді. Субсидиялау жойылған жоқ, бірақ процесі өзгерді. Бұрын мемлекеттен субсидиялауға 7 млрд теңгеге дейін бөлінетін болса, қазір 200 млн теңге береді. Жыл басынан бері өңірде 86 жоба қарастырылып, оған 13,4 млрд теңге субсидия бөлінуі тиіс еді. Кәсіпкерлерге «Өрлеумен» байланыста болу тиімді, өйткені белгіленген мөлшерлемемен бизнесті алаңдамай жүргізеді.

Оразалы Найман

Similar Posts

Добавить комментарий