TAUEKEL
Терiскей бiзге аманат
Біз туралы
Көші қонмен айналысатын “TÁUEKEL” ұйымы неге құрылуы керек?
Естеріңізде болар, осыдан біраз уақыт бұрын Теріскейге көш мәселесімен Елордаға сапар шектім. Басты мақсатым көшке қатысты жаңа бағдарламаның бағыт бағдарына оң әсер ету болатын. Бірақ, бір нақты нәрсені түсіндім мен, ол — жеме жемге келгенде бұл бағдарламаға тікелей жауапты еш орган, еш бір мекеменің жоқтығы. Не Еңбек министірлігі, не Көші қон, тіпті АШМнің өзі бұл бағдарламаға тікелей қатысы жоқ. Қысқасы түбін қазсаң таппайтын ауада тұрған бір бәле.. Яғни, Оңтүстіктен Солтүстікке көшіп баратын адам — ештеңемен қорғалмаған. Азын аулақ ақша мен арендадағы үйін алғасын болды. Көптің бірі боп кетеді… Айтпағым, ойбай көшіңдер деп тау басынан тұрып ақырсаңда, етегінде тұрып айқайласаңда айтарлықтай нәтиже болмайды.
Біздің серіктестер
