Жаңа оқу жылында балалар қауіпсіздігі күшейтілді: СҚО полициясы мектептерді бақылауға алды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Полиция департаменті басшылығы Білім басқармасының өкілдерімен кеңейтілген жиын өткізіп, жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдарындағы балалар қауіпсіздігі мәселесін талқылады.

Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманғали Смағұлов кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 34,4%-ға төмендегенін (19 қылмыс жасалған) айта отырып, бұл нәтижеге қарап тоқмейілсуге болмайтынын, басты мақсат – нөлдік көрсеткішке жету екенін атап өтті.

Күшейтілген қауіпсіздік шаралары

Кездесу барысында балалардың қауіпсіздігінің барлық аспектілері: оқу орындарының жанындағы жол инфрақұрылымынан бастап, мектептердегі бейнебақылау жүйелерінің жұмысына дейін жан-жақты талқыланды.

Профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында:

  • Әрбір білім беру мекемесіне учаскелік полиция инспекторы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор және патрульдік наряд бекітілді.
  • Жаңа оқу жылының алғашқы күндері қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді. Қаладағы барлық патрульдік полиция нарядтары мектептердің маңына шоғырландырылып, ауылдық жерлерде учаскелік инспекторлар, әсіресе сабақ басталғанға дейін және одан кейін, өз көліктерімен мектеп жанында патрульдік кезекшілік атқарады.

Айта кетерлігі, балаларды қорғау мәселесі «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асырудың негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Облыстық Полиция департаментінің басшылығы бұл жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Similar Posts

Добавить комментарий