Полиция департаментінің «көрінбейтін майданы»: Жұмысшы мамандықтардың үздік өкілдері марапатталды
Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шарадан кейін Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде ерекше марапаттау рәсімі өтті. Құқық қорғау органдарының тыныс-тіршілігіне елеулі үлес қосып жүрген жұмысшы мамандықтардың өкілдері марапатталды.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының СҚО облыстық филиалының төрағасы Темірғали Әбілмәжінов Полиция департаментінде жұмыс істейтін кәсіподақ мүшелеріне Құрмет грамоталарын табыс етті.
Марапатқа ие болғандардың тізімінде:
- Қызметтік үй-жайларды жинастырушылар: Светлана Яшина, Майрагүл Саржанова, Светлана Торгашева.
- Газ-электр дәнекерлеуші: Григорий Лемьев.
- СҚО ПД автошаруашылығының жүргізушісі: Сергей Кабанец.
Сондай-ақ, СҚО Полиция департаментінде тәрбие және кадр жұмысы басқармасының инспекторы Жұпар Күрлеуітова да Құрмет грамотасын алды.
Темірғали Әбілмәжінов атап өткендей, егер полиция қылмысқа қарсы күрестің майданы болса, онда жұмысшы мамандықтардың өкілдері – бұл Заң мен тәртіптің күзетінде тұрған маңызды қызметтің «көрінбейтін бөлігі». Олардың адал еңбегі құқық қорғаушылардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
