Сурет Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі сайтынан

Үкімет жоспары: СҚО экономиканы жеделдету және цифрлық дамуды іске асыруға кірісті

15 қыркүйекте Қазақстан Үкіметі экономикалық дамуды жеделдетуге, цифрлық технологияларды енгізуге және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 8 негізгі бағытты қамтитын жаңа жоспарды бекітті. Солтүстік Қазақстан облысы осы басымдықтарды өңірде іске асыруға кірісті.

Өңір басшысының атап өтуінше, СҚО дәстүрлі түрде жетекші аграрлық өңір болып табылады.

«Бүгінгі таңда біздің міндетіміз – ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемін екі есеге арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін АӨК-ті әртараптандыру және тиімділігін арттыру қарқынын бәсеңдетпеу. Осы мақсатта мал шаруашылығы және терең өңдеу салаларында ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда», — деді аймақ басшысы.

Инвестициялық ахуалды нығайту және цифрландыру

Экономиканы дамыту үшін инвесторларға қолайлы жағдай жасау маңызды. Жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулына СҚО-дан 51 жоба енгізілген. Арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) дамуына баса назар аударылуда. Үкіметтің қолдауымен Тайынша ауданы мен Ғ. Мүсірепов ауданында екі жаңа қосалқы аймақ ашылды.

Цифрландыру және жасанды интеллект – барлық салаларды қамтитын негізгі бағыт. Өңірде Цифрландыру офисі құрылып, СҚО цифрлық даму стратегиясы әзірленуде және оны іске асырудың жол картасы дайындалған. Бұл бағыттағы жұмыстар жеделдетіледі.

Жылыту маусымына дайындық

Кеңес барысында алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі де қаралды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, жылумен жабдықтау нысандарын сенімді және үздіксіз дайындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

ЖЭО-2-дегі (ТЭЦ-2) жұмыстар белгіленген талаптарға сәйкес келтіріліп, станция қысқы кезеңде тұрақты жұмыс істеуге дайын. Облыс бойынша қазандықтарды дайындау аяқталды, әлеуметтік маңызы бар нысандар жылыту маусымын бастауға әзір. Әлеуметтік сала мекемелері үшін қажетті көмір қоры жасақталған, халық 74% отынмен қамтамасыз етілген. Өңір басшысы барлық аудан және қала әкімдеріне жылыту маусымына дайындық мәселесін жеке бақылауда ұстауды тапсырды.

Similar Posts

Добавить комментарий