Конституцияның 30 жылдығы: Аймақтық тұрақтылықтың және жастарды қолдаудың кепілі
Биыл Қазақстан мемлекеттілігі тарихындағы маңызды белес – еліміздің Негізгі Заңының қабылданғанына 30 жыл толуы аталып өтіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз мемлекеттің берік құқықтық негізін қалады, сондай-ақ оның саяси, экономикалық және қоғамдық дамуының стратегиялық бағытын айқындады. Осылайша, бүгінгі Қазақстан мықты, тұрақты және беделді мемлекет ретінде танылуда.
Өңір басшысының атап өтуінше, конституциялық негіздерді нығайту жолындағы айтулы оқиға 2022 жыл болды. Бұл Жыл мемлекет басшысының бастамасымен жалпыхалықтық референдум өткізілген жыл.
«Сол кезде қабылданған өзгерістер азаматтық қоғамның рөлін күшейтіп, дамудың жаңа векторларын қалыптастырды. Жаңартылған конституциялық нормаларға сүйене отырып, Солтүстік Қазақстан облысы тұрақты өсімді көрсетуде. Халықтың тұрмыс сапасы жақсарып, инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамалар кезең-кезеңімен іске асырылуда», – деді облыс әкімі. Бұдан бөлек, өңір басшысы СҚО-да белсенді, мақсатты және әлеуметтік жауапты жастарды қолдауға айрықша назар аударылатынын жеткізді. Олардың бүгінгі күні өңірдің болашағына өз үлесін қосып жатқаны ерекше маңызды екенін атап өтті.

