Ата Заңды білу – Адал азаматтың міндеті: Конституцияның 30 жылдығына арналған кездесу өтті

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Жиынға қатысқан спикерлер Негізгі Заңның тарихи кезеңдеріне тоқталып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Ұрпақ» мәдени-ағарту орталығының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Гүлбақша Мұсабаеваның айтуынша, азаматтардың құқықтық білімі Конституцияны саналы түрде оқудан басталады.

«Конституциялық реформаларды біз төрт кезеңге бөлеміз: 1998, 2007, 2017 және, әрине, елді демократияландыру тұрғысынан ең маңыздысы – 2022 жыл», — деді Г. Мұсабаева.

2022 жылы өткен референдум нәтижесінде Конституцияның 30 бабына маңызды түзетулер енгізіліп, Конституциялық соттың жаңа құрылымы бекітілді. Бұл өзгерістер елді демократияландыруға және билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге бағытталған.

СҚО прокурорының аға көмекшісі Аида Бабасова Негізгі Заң қабылданғаннан бері оған сегіз рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айтты.

Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды. Ұйымдастырушылар әрбір азаматтың заңды білуге және өз құқықтарын қорғай білуге міндетті екенін баса айтты.

«Ата заңым – қорғаным» тақырыбында өткен бұл іс-шара құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.

Similar Posts

Добавить комментарий