«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті: Шалғай ауылдарға тегін медициналық көмек
Халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған арнайы «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Солтүстік Қазақстан облысының шалғай елді мекендеріне сапарын қарқынды жалғастыруда.
Бағыттар тізімі
Алдағы уақытта «дөңгелектегі емхана» келесі станцияларға жол тартады:
- Ақсуат – 7 тамыз;
- Сулы – 8-10 тамыз;
- Қайранкөл – 10-11 тамыз;
- Шағалалы – 13 тамыз;
- Тайынша – 14 тамыз;
- Қазан – 15 тамыз;
- Чкалов – 16 тамыз;
- Ащыкөл – 17 тамыз;
- Дәуіт – 18 тамыз;
- Талшық – 19 тамыз;
- Қызылту – 20 тамыз.
Қызмет Көрсету Кестесі
«Дөңгелектегі емхана» заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Пойызда диагностикалық зерттеулер (ультрадыбыстық, рентген, ЭКГ, зертхана), тәжірибелі дәрігерлер тобы (терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР, хирург, уролог, мамолог, педиатр және т.б.), сондай-ақ, тұрғындар заңгерлерден, медиаторлардан және психологтардан әлеуметтік және құқықтық мәселелер бойынша ауыл тұрғындарына таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін тегін қызмет көрсетеді.
Егер науқасқа жоспарлы емделу қажет болса, дәрігерлер тиісті жолдама бере алады.
Әрі қарай пойыз Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына барады.





