Құқықтық көмек енді «бір басу тетігімен» қол жетімді: eGov mobile-да жаңа маршрутизатор іске қосылды
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде, азаматтарға құқықтық көмек көрсетуді жеңілдету мақсатында маңызды цифрлық жаңалық енгізді.
Бұл жаңашылдық Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылды.
Құқықтық көмек маршрутизаторы енді eGov mobile мобильді қосымшасында және GOV.KZ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында қолжетімді.
Қандай мәселелер бойынша көмек көрсетіледі?
Жаңа сервис халықты келесі өзекті мәселелер бойынша бағыттайды:
- Алаяқтық
- Нашақорлық
- Тұрмыстық зорлық-зомбылық
- Кибербуллинг
- Қалыңдық ұрлау
- Самокатшылардың жол бермеуі
- Жол-көлік оқиғалары
Жаңа сервис не ұсынады?
Жаңартылған сервистер азаматтарға бірнеше маңызды құралдарды ұсынады:
- Қарапайым кеңестер: Құқықтық тәуекелдер мен қауіптер бойынша түсінікті ақпараттар.
- Өзін-өзі қорғау құралдары: Құқықтық өзін-өзі қорғау және кеңес беру ресурстары.
- Онлайн өтініштер: Қылмыстық қудалау органдарына онлайн өтініш беру үшін 102 нөміріне және «Qamqor.gov.kz» сервисіне тиісті сілтемелер.
Осыған ұқсас сервис GOV.KZ платформасында да іске қосылғаны атап өтілді. Бұл жаңалық азаматтардың құқықтық мәселелерді шешудегі жолын айтарлықтай жеңілдетеді.
