СҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды: бөгеттердің биіктігі 1,5 метрге арттырылуда
Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту солтүстік қазақстан облысының басым бағыттарының бірі болып қалып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде су тасқынының алдын алуға және бөгеттерді жаңартуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда.
Қызылжар ауданындағы бөгеттерді күшейту
Өңір басшысы жұмыс сапары аясында Қызылжар ауданындағы құрылыс барысымен танысты. Тепличное және Прибрежное ауылдарында бөгеттерді күшейту жүргізілуде. Бөгеттердің жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайды, ал олардың биіктігі өткен жылдардағы су тасқыны деңгейінен 1,5 метрге жоғары болмақ.
Облыс әкімі: «Нысандардың сапасына үлкен назар аударылатын болады. Бұл ретте аудан басшылығына жұмыстардың сапасына қатаң бақылау жүргізуді тапсырдым», – деді.
Петропавл қаласындағы абаттандыру және көпір құрылысы
Петропавл қаласында да бөгеттерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Қала әкімдігіне Ущева бөгетін абаттандыру, серуендеуге арналған жол жасау тапсырылған болатын.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Универсальная көшесіндегі көпірдің құрылысымен танысты. Нысанның іске қосылуы, Қараванная көшесіндегі көлік ағынын азайтуға, теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, одан бөлек облыс орталығына кіретін тағы бір жол ашылады.






