Халық үні: СҚО әкімінің орынбасары ТКШ мәселелері бойынша тұрғындарды жеке қабылдады
Солтүстік Қазақстан облысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында өңір әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдауды өткізді.
Кездесуге 24 тұрғын жүгінді. Олардың көтерген сауалдары негізінен аумақты абаттандыру, сумен қамтамасыз ету жүйелерінің жай-күйі, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарына қатысты болды.
Барлық өтініштер бойынша азаматтарға түсініктемелер берілді. Көтерілген мәселелердің бір бөлігін тиісті салалық басқармалардың қатаң бақылауына алу туралы шешім қабылданды.
Бұл шаралар облыс әкімдігінің тұрғындардың мұқтаждықтарына жедел ден қойып, коммуналдық мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған жұмысының жалғасы болып табылады.
