Егін жинау науқаны және ЖИ: СҚО аграрлық секторын цифрландыру жеделдеді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің өңірлеріндегі егін жинау науқанының барысына арналған кеңейтілген кеңес өтті.

СҚО-да 2025 жылы егін жинау алқабы 4,3 млн гектарды құрады. Дәнді және бұршақты дақылдар алқабының 40%-ынан астамы, яғни 1,13 млн гектары орылды. Қазіргі уақытта 2 млн тоннаға жуық астық жиналды, орташа өнімділік – 16,5 ц/га.

Аграрлық қолдау және технологиялар

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бұрын-соңды болмаған қолдауға ие болды. АӨК-ті жеңілдікпен қаржыландыру көлемі рекордтық 150 млрд теңгеге жетті.

Өнімділікті арттыру мақсатында 340 мың тонна тыңайтқыш сатып алынып, 52,5 мың тонна элиталық тұқым себілді, сорт жаңарту деңгейі 11,2%-ды құрады. Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 68,6 мың тонна жеңілдікті дизель отыны, сондай-ақ астық пен майлы дақылдарды кептіру үшін 14,1 мың тонна отын бөлінген.

Облыстың қойма сыйымдылығы 7 млн тоннаны құрайды. Жаңа өнімнің 500 мың тонна астығы қазірдің өзінде қоймаларға орналастырылған.

Жасанды интеллект (ЖИ) – аграрлық секторда

Президент жасанды интеллектіні енгізуді жандандыруды тапсырды. СҚО-да бұл жұмыс қазірдің өзінде жүргізіліп келеді.

Аграрлық сектор өндірістің барлық кезеңінде цифрлық технологиялар мен ЖИ-ді белсенді қолданып жатыр. Олардың ішінде:

  • Ауыл шаруашылығы техникасының GPS-навигациясы және автопилоты.
  • Дрондар және егістіктердің цифрлық карталары.
  • Жануарлардың жай-күйін бақылау жүйелері, қоректендіруді, көбеюді және микроклиматты бағдарламалық басқару.

Осы шаралардың барлығы АӨК-тің тұрақты дамуына, жұмыспен қамтудың өсуіне және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Similar Posts

Добавить комментарий