СҚО-да ЖИ дәуірінің міндеттері талқыланды: Әкімдіктің кеңейтілген отырысы өтті

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен Әкімдіктің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауында айқындалған негізгі міндеттерді іске асыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық басымдықтарды жүзеге асыру үшін барлық деңгейде келісілген, жүйелі және жауапты жұмыс қажет.

«Бұл Жолдаудың Солтүстік Қазақстан облысы үшін айрықша маңызы бар. Өңірде аграрлық ресурстар, дамыған инфрақұрылым және білікті кадрлар сияқты ауқымды әлеует бар. Біздің міндетіміз – осы артықшылықтарды уақыттың жаңа басымдықтары мен сын-қатерлерін ескере отырып, тиімді пайдалану», — деп атап өтті аймақ басшысы.

Отырыста талқыланған негізгі бағыттар:

  • Цифрлық трансформация және ЖИ: Дамудың басты векторларының бірі ретінде Жасанды Интеллект (ЖИ) және цифрлық шешімдерді енгізу аталды. Бүгінде мұндай технологиялар агроөнеркәсіп кешенінде, денсаулық сақтауда, білім беруде, көлік және ТКШ салаларында қолданылуда. Өңірлік IT-хаб базасында кадрлар даярлау жалғасуда. Болашақта ЖИ-ді экология, қала құрылысы және қала инфрақұрылымын басқару салаларында ауқымды қолдану көзделіп отыр.
  • Жаңа инвестициялық цикл: Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда жаңа инвестициялық цикл басталады. Бұл ретте СҚО-да өңдеу өнеркәсібіне баса назар аудара отырып, жобаларды іске асыру күшейтіледі. Сондай-ақ, ЖИ әлеуетті тауашаларды талдайтын және инвестицияға тапсырыс қалыптастыратын аймақтың инвестициялық картасы іске қосылады.
  • Ауыл шаруашылығын дамыту: СҚО аграрлық инновациялардың драйвері ретінде танылды. Өңір елде бірінші болып цифрлық сүт фермаларын енгізді. Жақын арада жоспар – цифрлық шаруашылықтар желісін кеңейту және ауылдық өндірісті басқаруға ЖИ-ді енгізу.
  • Инфрақұрылымдық басымдықтар: Инженерлік желілерді жаңарту, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік сала нысандарын салу және жаңғырту жұмыстары жалғасады.
  • Қауіпсіздік және келісім: «Заң және Тәртіп» қағидаты облыста дәйекті түрде іске асырылып, бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табады.

Қорытындылай келе, облыс әкімі: «Солтүстік Қазақстан облысы уақыттың жаңа сын-қатерлері мен міндеттеріне дайын. Аймақ ұлттық басымдықтарды іс жүзінде іске асыруға және елдің тұрақты, технологиялық дамуына белсенді қатысуға бағытталған», — деп сөзін түйіндеді.

Similar Posts

Добавить комментарий