Өнерде шекара жоқ: СҚО әкімі инклюзивті шығармашылық ұжымының жетістіктерін жоғары бағалады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық инклюзивті шығармашылық ұжымының жетекшісі Ольга Ростовщиковамен кездесті. Кездесу барысында ұжымның соңғы гастрольдік сапарының нәтижелері және инклюзивті өнерді одан әрі дамыту перспективалары жан-жақты талқыланды.

Аймақ басшысы инклюзивті өнерпаздардың жұмысына жоғары баға берді.

«Ауқымды жұмыс атқарылды, жас өнерпаздар елімізді лайықты танытып, өнердің шекара білмейтінін көрсетті. Алда жаңа жобалар, гастрольдер және шығармашылық табыстар күтіп тұр. Біз оларды мақтан тұтамыз және әрқашан қолдау көрсететін боламыз», — деді облыс әкімі.

Бұл кездесу өңірдегі ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және оларды қоғамға толықтай интеграциялауға бағытталған мемлекеттік қолдаудың жалғасып жатқанын көрсетеді.

Similar Posts

Добавить комментарий