Сурет Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі сайтынан

Заң және Тәртіп: СҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша үйлестіру кеңесі өтті

Өңірдегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, құқық қорғау органдарының, бейінді ведомстволардың және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Кеңес барысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша басым шаралар, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және зардап шеккендерге көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Аймақта дағдарыс орталықтары, консультациялық пункттер, жедел желілер жұмыс істейтіні, сондай-ақ мектеп психологтары мен әлеуметтік қызметтердің қатысуымен алдын алу бағдарламалары іске асырылып жатқаны атап өтілді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтардың, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, заңдылықты сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары болып табылатынын бірнеше рет атап көрсетті. Біз өңірде осы басымдықтарды дәйекті түрде іске асырудамыз. Біздің барлық жұмысымыздың негізінде “Заң және тәртіп” қағидаты тұр», — деді облыс әкімі.

Бұл бағыттағы жұмыстар барлық қолданыстағы тетіктерді күшейту арқылы жүйелі негізде жалғасатын болады. Барлық қызметтер мен ведомстволардың тиімді ведомствоаралық ынтымақтастығы, сондай-ақ азаматтық қоғам мен қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуы ерекше маңызға ие.

Similar Posts

Добавить комментарий