«Таза Қазақстан»: СҚО-да 10 мыңнан астам ағаш егілді, жалпыжылдық көрсеткіш 120 мыңға жетті
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында ауқымды экологиялық акция өтті.
Бұл шараға жастардан бастап аға буын өкілдеріне дейін, барлық жастағы тұрғындар белсенді қатысты. Акция барысында М. Жұмабаев атындағы саябақта 100-ден астам ағаш отырғызылды.
Өңір басшысының мәлімдеуінше, бұл жалпыұлттық акцияның ең қарқынды күндерінің бірі болды:
- Облыс көлемінде акцияға 23 мыңнан астам адам қатысты.
- Акция аясында аймақта 10 000-нан астам ағаш егілді.
- Жыл басынан бері өңірде жалпы саны 120 мыңнан астам ағаш отырғызылған.
Бұл игі бастама аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға және жасыл аймақтарды кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.






