|

«Заң және Тәртіп керуені»: Петропавлда құқық қорғау органдары азаматтарға кеңес беруде

Петропавлда «Заң және Тәртіп керуені» атты ауқымды республикалық акция басталды. Бір аптаға созылатын іс-шара барысында прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу департаменті және полиция қызметкерлері азаматтардың өтініштерін қабылдап, олардың сұрақтарына жауап береді.

Құқық қорғау органдарының мобильді топтары қаланың ең көп адам жиналатын орындарында – «City Mall», «Аврора» сауда орталықтарында, «Береке» шағын ауданындағы «Северный» дүкенінде, Оқушылар сарайында және Вокзал алаңында орналастырылған. Жұмыс күні бойы олар облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына кең ауқымды заңгерлік мәселелер бойынша кеңес береді.

Азаматтар полиция қызметкерлеріне көші-қон заңнамасы, автокөлікті тіркеу және ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу сияқты түрлі сұрақтармен жүгінуде.

Бұл акция «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілуде. Оның басты мақсаты – қоғамда құқықтық тәртіп идеясын және құқық қорғаушы мамандығын дәріптеу, халыққа заңгерлік көмек көрсету және құқықтық сауаттылығын арттыру.

Similar Posts

Добавить комментарий