“TauekelNews.kz” ақпарат агенттігінен Еңбек күніне орай құттықтау!
Құрметті солтүстікқазақстандықтар және еліміздің еңбеккерлері!
“TauekelNews.kz” ақпарат агенттігі сіздерді шын жүректен Еңбек күнімен құттықтайды! Бұл мереке – еліміздің өсіп-өркендеуіне, облысымыздың дамуына өздерінің адал да қажырлы еңбегімен үлес қосып жүрген барша азаматтарды біріктіретін ұлық мереке.
Биылғы жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы – еңбектің қоғамымыздағы орны ерекше екенін тағы бір дәлелдейді. Өз ісінің нағыз шеберлері – инженерлер мен құрылысшылар, аграрийлер мен дәрігерлер, мұғалімдер мен мыңдаған түрлі сала мамандары, еңбек әулеттерінің өкілдері – біздің мемлекетіміздің тірегі, қоғамның қозғаушы күші. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында қалалар мен ауылдар көркейіп, кәсіпорындар жаңғыртылып, халықтың тұрмыс сапасы артуда.
Солтүстік Қазақстан өңірі әрдайым еңбекқорлығымен, шынайылығымен және рухы мықты азаматтарымен танылған. Сіздердің табандылықтарыңыз, кәсібиліктеріңіз және туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз – біздің басты құндылығымыз және дамуымыздың қозғаушы күші.
“TauekelNews.kz” ұжымы атынан күнделікті жасап жатқан өлшеусіз еңбектеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Еңбектеріңіз жана берсін, мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен, “TauekelNews.kz” ақпарат агенттігінің ұжымы.
