|

Жолаушы тасымалының қауіпсіздігі: СҚО полициясы автобус паркі басшыларымен кездесу өткізді

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде (ПД) автобус парктерінің басшыларымен жолаушылар тасымалының қауіпсіздігіне арналған жұмыс кездесуі өтті. Жиынға СҚО ПД бастығының орынбасары Құрманғали Исмағұлов пен СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар қатысты.

Полицейлер облыстағы жол-көлік оқиғаларының 89,6%-ына жуығы жүргізушілердің кінәсінен болатынын хабарлады. Осыған байланысты, «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Құқық тәртібі» сияқты жедел-алдын алу іс-шаралары аясында жолаушылар тасымалына ерекше назар аударылуда. Бұл ретте автобустардың техникалық жағдайы және жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимін сақтауы тексеріледі.

Аға әділет кеңесшісі Әбу-Әли Саттар жүргізушілердің рейске шығар алдындағы міндетті медициналық тексеруден өтуінің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Кездесу «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Полиция полковнигі Исмағұлов жиынға қатысушыларға: «Көптеген адамдардың өмірі сіздердің зейінділіктеріңізге, жауапкершіліктеріңізге, кәсібилігіңізге байланысты» – деп ескертті.

Сондай-ақ, облыстық ПД басшылығы аудандық полиция бөлімдеріне қоғамдық көлік қауіпсіздігі мәселелерін жергілікті тасымалдаушылармен бірлесіп пысықтауды тапсырғанын атап өтті.

Similar Posts

Добавить комментарий