Орталық Азиядағы ең ірі сауын жабдығы СҚО-да орнатылады: Аграрлық секторда цифрлық технологиялар кеңейеді
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер заманауи технологияларды белсенді түрде енгізуде. Бүгінгі таңда жалпы көлемі 419,2 мың гектарды құрайтын егістік алқаптардың 55%-ы жиналды.
Аудандағы егіс алқаптарының 75%-ында ауа райы жағдайларын бақылау жүйелері, топырақты талдау датчиктері және жасанды интеллект элементтері қолданылуда. Бұл жұмыстарды дәлірек, тиімді және аз шығынмен жүргізуге мүмкіндік береді.
«Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мамандарының еңбек жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Техника жаңартылып, тұруға және жұмыс істеуге қолайлы жағдайлар жасалуда. Ауыл шаруашылығындағы жұмысшы мамандықтарды қолдау және дамыту біздің жұмысымыздың басым бағыты болып қала береді», — деп атап өтті аймақ басшысы.
Инвестициялық жоба: М. Жұмабаев ауданындағы ірі сүт кешені
М. Жұмабаев атындағы ауданда облыстың агроөнеркәсіп кешеніндегі ең ірі инвестициялық жобалардың бірі – «СК Агро 2050» ЖШС-нің 3600 басқа арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысы іске асырылуда. Кешеннің өндірістік қуаты жылына 25 000 тоннадан астам өнімді құрайды.
Бұл фермада Орталық Азиядағы ең ірі болып табылатын, 100 басқа арналған «карусель» типті сауын жабдығы орнатылады.
Жобаны іске асыру сүт өндірісінің көлемін едәуір арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасына айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді.
