|

Полицейлер домбыра шертіп, ән салды: СҚО-да Ұлттық домбыра күні тойланды

Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік желілерінде полиция қызметкерлерінің ұлттық музыкалық аспап – домбырамен сүйемелдеп, қазақтың халық әндерін орындаған бейнеролигі кеңінен тарады. Құқық қорғау органдарының өкілдері осылайша Ұлттық домбыра күнін атап өтті.

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен бай мәдени мұрасына құрмет көрсету мақсатында, 29 маусым күні СҚО Полиция департаменті (ПД) мен Петропавл қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері ПД-ның акт залында арнайы музыкалық концерт ұйымдастырды. Іс-шараға 30-ға жуық полиция қызметкері қатысты.

Қатысушылардың басым бөлігі департаменттің мәдени орталығының құрамында өнер көрсетеді. Олар кезекшіліктен бос уақыттарында маңызды іс-шараларға белсенді атсалысады. Ал кейбіреулері үшін домбыра – сүйікті хобби. Мысалы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкері, полиция лейтенанты Раушан Баймұқанова әріптестеріне «Көздеріңе ғашықпын» атты әсерлі композицияны орындап берді.

Полицейлердің бұл бастамасы жас қызметкерлерді патриоттылыққа тәрбиелеуге ықпал етеді және полиция мен қоғам арасындағы тығыз байланысты көрсетеді.

Similar Posts

Добавить комментарий