Ұлт ұстаздарына құрмет: СҚО мұғалімдері «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасын алды
Ел басшылығының білім беру саласының мамандарына деген айрықша назары мен қолдауы жалғасуда. Солтүстік Қазақстан облысының екі бірдей білім беру қызметкері Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасына ие болды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» құрметті медалі Уәлиханов ауданындағы Морты орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сейітова Гүлжан Қапезқызына берілді. Ұстаз өзінің көп жылдық адал еңбегімен жас ұрпақтың сапалы білім алуына зор үлес қосып келеді.
Сонымен қатар, ҚР «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасына «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК-нің арнайы пәндер оқытушысы Базарбаева Саруар Оразқызы да лайық деп танылды.
Бұл наградалар ұстаздар қауымының білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбегін мемлекет тарапынан жоғары бағалап, олардың кәсіби еңбегіне деген айрықша құрметті көрсетеді. Ұстаздардың жетістігі — жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен білімге деген құштарлықты оятудың маңызды көрсеткіші.

