Бизнес пен билік диалогы: СҚО-да бақылау органдарының есеп беру күні өтеді
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен Бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күнін өткізеді. Бұл іс-шара 25 қыркүйек күні сағат 16:00-де басталады.
Кездесудің басты мақсаты — кәсіпкерлік пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту, бизнес пен билік қарым-қатынасын реттеу бойынша конструктивті шешімдер әзірлеу. Жиын барысында мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері талқыланып, заңбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне баса назар аударылады.
Мұндай іс-шараны өткізу мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін реформалау аясында кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қауіпсіз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, міндетті талаптарды бұзудың жүйелі алдын алуын дамытуға үлес қосады.
Кездесу өтетін орын: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 1-қабат (үлкен зал).
Аудан кәсіпкерлері үшін аудандық әкімдіктерде бейнеконференцбайланыс (ВКБ) арқылы қатысу мүмкіндігі қарастырылған.
Іс-шараға қатысуға қатысты қосымша ақпаратты 8 (7152) 36-04-02, 36-13-62 телефондары арқылы (СҚО әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы) алуға болады.
