Ата Заңды білу – Адал азаматтың міндеті: Конституцияның 30 жылдығына арналған кездесу өтті
Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Жиынға қатысқан спикерлер Негізгі Заңның тарихи кезеңдеріне тоқталып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. «Ұрпақ» мәдени-ағарту орталығының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Гүлбақша Мұсабаеваның айтуынша, азаматтардың құқықтық білімі Конституцияны саналы түрде оқудан басталады. «Конституциялық реформаларды біз төрт кезеңге бөлеміз: 1998, 2007, 2017 және,…
