«Есірткіге жол жоқ!»: Петропавлда есірткіге қарсы ауқымды акция мен мерекелік концерт өтті
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні (26 маусым) қарсаңында Петропавл қаласында полиция қызметкерлері «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен жаппай жүгіру жарысын ұйымдастырды. Салауатты өмір салтын ұстанатын 300-ден астам әртүрлі жастағы қала тұрғындары 3 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті. СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алғашқы 50 мәреге жеткен қатысушыға естелік сыйлықтар ұтысы ойнатылған ұтыссыз лотерея өткізді….
