Полицейлер домбыра шертіп, ән салды: СҚО-да Ұлттық домбыра күні тойланды
Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік желілерінде полиция қызметкерлерінің ұлттық музыкалық аспап – домбырамен сүйемелдеп, қазақтың халық әндерін орындаған бейнеролигі кеңінен тарады. Құқық қорғау органдарының өкілдері осылайша Ұлттық домбыра күнін атап өтті. Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен бай мәдени мұрасына құрмет көрсету мақсатында, 29 маусым күні СҚО Полиция департаменті (ПД) мен Петропавл қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері ПД-ның…
