Спорттағы жетістік – елдің мәртебесі: Спортшы мен жаттықтырушы «Құрмет» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен спортшы Наталья Богданова мен оның жаттықтырушысы Дастан Қабденов «Құрмет» орденімен марапатталды. Облыс әкімі спортшыларды осы жоғары мемлекеттік награданы алуларымен құттықтады. Өңір басшысының атап өтуінше, Наталья мен Дастан өз үлгілерімен елімізді даңққа бөлеп, спорттың дамуына елеулі үлес қосуда, сондай-ақ облыстың беделін республикалық және халықаралық деңгейде нығайтуға атсалысуда. «Сіздерге одан әрі жеңістер, зор денсаулық…
