|

«ӨЗБЕКӘЛІ» ҚОЙЫЛЫМЫ ПЕТРОПАВЛ САХНАСЫНДА: ҰЛТ РУХИЯТЫН ТАНЫТУ

Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы, тарихшы, этнограф, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібекке арналған тұңғыш сахналық қойылым енді Петропавл сахнасында.

Алматыдан арнайы келген шығармашылық топ ұсынған «Өзбекәлі» атты бұл қойылым – ұлт руханиятының шамшырағына айналған қайраткердің өмірі мен еңбегін сахна тілімен көркем бейнелейтін ерекше туынды.

Шараның толық ақпараты:

  • 📍 Өтетін орны: С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры
  • 🏠 Мекенжайы: Ж. Жабаев көшесі, 88
  • 🗓 Күні: 28 қазан 2025 жыл
  • ⏰ Басталуы: сағат 19:00

Бұл – терең мазмұн мен ұлттық рухқа толы айрықша мәдени оқиға. Қапы қалмаңыздар!

🎟 Билеттер театр кассасында және ticketon.kz сайтында қолжетімді.

📞 Байланыс телефоны: +7 705 576 36 36

Similar Posts

Добавить комментарий