| | |

«Дайындық» ауылы – Инфрақұрылым мен мәдениеттің үлгісі: Кәсіпкер бастамасы ауыл халқын қуантты

Республика күні қарсаңында Аққайын ауданындағы «Дайындық» ауылында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен ірі әлеуметтік нысандардың ашылу салтанаты өтті. Әкім ауыл халқымен бірге жаңадан ашылған мәдениет үйі, балабақша және ойын-сауық орталығының жұмысын тамашалады.

Кәсіпкерлік бастаманың жемісі және жаңа көшелер

Кәсіпкер Біржан Шәймерденов ауылға келгелі бері 50 үй салынып, халықтың саны соңғы үш жылда 150-ден 300-ден асты. Ауылда бұрын орталықтағы Жамшин көшесі ғана болса, енді жаңадан Ақансері көшесі салынды. Көшелерге асфальт төселіп, жарықтандыру орнатылды.

Ауыл тұрғыны Оразбай Бекжановтың айтуынша, бұл нысандарды кәсіпкер Біржан Шәймерденов төрт айда салып бітірген.

Ақсақал: «2029 жылы «Дайындық» ауылына 100 жыл толады. Ауыл халқы кеңесіп, «Жүзжылдық мерейтойға жүз үймен» бағдарламасы қолға алып отыр» деді.

Жаңа әлеуметтік нысандар

Біржан Әбділмәнұлы ауылдағы құрылыстың басты ниетін былай деп түсіндірді:

«Ауыл халқының өмірі келешекте ойын-күлкіге толсын деген ниетпен 300 орындық мәдениет үйі салынды».

  • «Шаңырақ» ойын-сауық орталығы (1967 жылы салынған мәдениет үйінің ескі ғимараты қайта жабдықталған) зейнеткерлер мен жастарға арналған. Мұнда домбыра және көркемдік гимнастика үйірмесі жұмыс істейді.
  • Балабақша бұрын 18 орындық болса, жұмыс істейтін әйелдердің көбеюіне байланысты қазіргі заман талабына сай, көздің жауын алатындай қызылды-жасылды 3D көркем үлгімен үлкейтіліп салынды.

Мәдениет үйінің директоры Ырыскүл Нәсілова болашақ жоспарларымен бөлісті:

«Болашақта «Сағындырған әндер-ай» әншілер тобын ашқым келеді».

Ауылдың кешенді дамуы

Кәсіпкер Біржан Шәймерденовтің арқасында ауылда: балабақша, мешіт, мәдениет үйі, жастар үйі, спорт кешені, май өңдейтін зауыт, қасапхана, «Аққайың» тойханасы, дүкен, медпункт, жөндеу шеберханасы және монша сияқты нысандар жұмыс істейді. Ауыл әкімі Олжас Шәймерденовтің айтуынша, «Дайындық» ауылына көшіп келетін отбасын әкімшілік өзі таңдап алады».

Мерекелік концерт барысында облыстық филармония әншілері өнер көрсетіп, «Шаңырақ» орталығында домбырашылар ансамблі күмбірлеген күймен қарсы алды. «Qyzyijar» креатив орталығынан Есмұхамбет Иманбаев брейкингтен шеберлік сағатын көрсетіп, ауыл балаларын 1 қарашада Петропавлда өтетін республикалық жарысқа қатысуға шақырды.

Мереке соңында Ғауез Төресынұлы Республика күнімен ауыл халқын құттықтап, Біржан Әбділмәнұлына алғыс білдірді. Ақсақалдар бата беріп, әжелер ансамблінің мүшесі Асылтас Құспекқызы тәтті шашу шашты.

Similar Posts

Добавить комментарий