СҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) жаңа басшысын таныстырды.
ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Аманжол Жомартұлы Жақанов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Аманжол Жомартұлы Жақановтың қысқаша өмірбаяны:
- Туған жылы: 1974 жыл.
- Туған жері: Қостанай облысы.
- Білімі:
- 1995 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын экономика және АӨК саласын басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
- 2000 жылы Заманауи гуманитарлық университетті юриспруденция мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолында Аманжол Жақанов Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысы, Қостанай облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.
Бұл тағайындауға дейін ол Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып қызмет еткен.
