|

СҚО-да сайлау комиссияларының жылдық қорытынды жиыны өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы 2025 жылы атқарылған жұмыстарды саралап, қорытынды кеңес өткізді. Жиынға облыстық және аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысып, өткен кезеңдегі іс-шаралардың нәтижесін талқылады.

Кездесу барысында сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету бағытындағы негізгі көрсеткіштер сарапталды. Сонымен қатар, сайлау науқандарын ұйымдастыру сапасын арттыру мақсатында жүргізілген электоралды оқыту курстарының маңыздылығына тоқталды. Комиссия мүшелері алдағы 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, басым бағыттарды айқындады.

Жиын соңында сайлау процесіне қатысушылардың біліктілігін арттыруда және саяси шараларды ұйымдастыруда жоғары кәсібилік танытқан бірқатар аудандық аумақтық сайлау комиссияларының ұжымдары марапатталды. Үздік деп танылған мамандарға атқарған нәтижелі жұмыстары үшін алғыс білдірілді.

Similar Posts

Добавить комментарий