«Заң және Тәртіп керуені»: Петропавлда құқық қорғау органдары азаматтарға кеңес беруде
Петропавлда «Заң және Тәртіп керуені» атты ауқымды республикалық акция басталды. Бір аптаға созылатын іс-шара барысында прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу департаменті және полиция қызметкерлері азаматтардың өтініштерін қабылдап, олардың сұрақтарына жауап береді. Құқық қорғау органдарының мобильді топтары қаланың ең көп адам жиналатын орындарында – «City Mall», «Аврора» сауда орталықтарында, «Береке» шағын ауданындағы «Северный» дүкенінде,…
