«Ботай — Ұлы дала мәдениеті» симпозиумы: Петропавлда мәдени диалог өрбіді
«Ботай» арт-галереясында «Ботай — Ұлы дала мәдениеті» халықаралық суретшілер симпозиумының қатысушыларымен арнайы кездесу өтті. Бұл іс-шара – Ұлы дала тарихы мен заманауи өнерді тоғыстырудағы маңызды қадам. Іс-шараға Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген ғылым, мәдениет және өнер саласының беделді өкілдері, сондай-ақ шығармашылық интеллигенция мүшелері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар мынадай маңызды тақырыптар бойынша пікір алмасты: Облыс…
