СҚО-да 74 Миллиард Теңгеге 4 Ауданның 22 Мың Тұрғыны Сапалы Ауыз Сумен Қамтылды
Мемлекет басшысының халықты 100% ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасын сапалы әрі уақытылы орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында ауқымды жұмыстар аяқталды. Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен топтық су құбырлары мен ауылішілік су желілерін іске қосу салтанатты рәсімі өтті. Өңір басшысының айтуынша, сумен жабдықтау саласындағы жобаларды іске асыруға…
