Ғауез Нұрмұхамбетов Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның инфрақұрылымын дамыту жоспарларын таныстырды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов 2026 жылғы алғашқы жұмыс сапарын Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның шалғай елді мекендерін аралаудан бастады. Өңір басшысы Чистополь ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді және әлеуметтік нысандардың жұмыс барысымен танысты. Тұрғындармен жүздесу барысында жолдардың сапасы, елді мекендерді абаттандыру және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі сияқты өзекті мәселелер көтерілді. Соңғы екі жылда…
