Солтүстік Қазақстан облысының еңбек озықтары мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен өңірдің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген бір топ азамат жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды. Салтанатты шара аясында еңбек жолында айрықша көзге түскен жерлестерімізге ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медальдары табысталды. Биылғы жыл Президенттің бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына байланысты, бұл марапаттардың маңызы ерекше. Өңір басшысы атап өткендей,…
