СҚО-да маңызды рухани оқиға: Мағжан Жұмабаевқа арналған «МАҒЖАН ОРТАЛЫҒЫ» ашылды
Солтүстік Қазақстан облысында қазақ әдебиеті мен түркі әлемінің ұлы тұлғасы, ақын Мағжан Жұмабаевқа арналған «Мағжан орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – рухани құндылықтарды сақтау мен насихаттау жолындағы айрықша маңызды қадам. Мемлекет басшысы Мағжан Жұмабаевты тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі жұртының мақтанышы екенін атап өткен болатын. Отанға деген сүйіспеншілікке толы оның жырлары халқымыздың…
