Петропавлда Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру салтанаты өтті
Республика күні мерекесіне орай Петропавл қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көтерілуі салтанатты түрде өтті. Маңызды іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен әскери қызметшілер қатысты. Мемлекеттік Тудың айналасында Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардия академиясының Әскери оркестрі орналастырылды. Сахнаға жақын облыстың Қарулы Күштері сап түзеді. Ұлттық Әнұран және Құрмет Орталық алаңда…
