Солтүстік Қазақстан – Қытай: Астанада Алғашқы Инвестициялық Бизнес-форум Өтті
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігінде «Солтүстік Қазақстан облысы – Қытай» атты алғашқы ауқымды инвестициялық бизнес-форум өтті. Іс-шара ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мырзаның қолдауымен ұйымдастырылды. Форумға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған іскерлік делегация қатысты. Жалпы 100-ден астам қазақстандық және қытайлық бизнес өкілі жиналып, жаңа іскерлік байланыстар орнату мәселесін талқылады. Екі Ел Арасындағы…
