«Заң мен Тәртіп» қағидаты: Қызылжар ауданында тәулік бойы жұмыс істейтін Жедел басқару орталығы ашылды
Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесіне цифрлық шешімдерді жедел енгізудің маңыздылығы туралы тапсырмасы аясында, Солтүстік Қазақстан облысында маңызды қадам жасалды. Бұл шара полиция жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттырып, құқықбұзушылықтар деңгейін төмендетуге бағытталған. СҚО-да Қызылжар ауданында Жедел басқару орталығы (ЖБО) жұмысын бастады. Біріктірілген бақылау жүйесі Жаңа орталық бейнебақылау және жол қозғалысын бақылау жүйелерін біріктіреді. Барлық нысандар талшықты-оптикалық…
