СҚО-да «Дала күні 2025» өтті: «Ұлы дала астығы» науқанына дайындық басталды
2025 жылғы 4 тамызда Мамлют ауданының Меңгесер ауылындағы «Мамбетов және К» өндірістік базасында «Ұлы дала астығы – 2025» атты егіс күні өтті. Бұл іс-шара Солтүстік Қазақстан облысындағы күзгі жиын-терім науқанына дайындыққа арналды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, аудан әкімдері, ғылыми қауымдастықтардың өкілдері, аграрлық кеңес мүшелері, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, мемлекеттік органдар және…
