Солтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары күшейтілді
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласындағы ірі сауда нысандарын аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді. Инспекция барысында бағаны негізсіз өсірмеу және халықты қолжетімді өніммен қамтамасыз ету мәселелері пысықталды. Облыста азық-түлік инфляциясын тізгіндеу мақсатында арнайы тұрақтандыру қоры тұрақты жұмыс істеп тұр. Өткен жылы бұл бағытты қаржыландыруға 2,9 миллиард теңге бөлініп, 13 мың тоннаға жуық…
