1. Құжат алу тәртібі
1. Жеке сәйкестендіру нөмірін алу (ЖСН) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі береді.
2. Қандас мәртебесін алу – «Құтты мекен» мобильдік қосымшасы немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері
3. ҚР тұрақты тұруға рұқсат алу – Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы.
4. Ықтиярхат рәсімдеу – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы КеАҚ “Халыққа қызмет көрсету орталығы”.
5. Өңірлік квотаға кіруге өтініш беру – Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
6. Өңірлік квотаға кірген қандастардың мемлекет тарапынан берілетін бірреттік жәрдемақы алу тәртібі – Жергілікті “Мансап орталығы” (Жұмыспен қамту орталығы КММ).
7. ҚР азаматтығын алу үшін қажетті құжаттар тізімі – Полиция департаментінің Көші-қон қызмет басқармасы.
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке тұлғалар үшін құжаттарды дайындау кезінде ақпараттық жүйе генерациялайтын сандардың бірегей 12 таңбалы комбинациясы.
Ақпараттық жүйеде тұлғаны алғашқы тіркеу кезінде ЖСН автоматты түрде жасалады. Сонымен қатар, болашақта жеке тұлғаға берілген нөмір енді өзгертілмейді немесе қайта берілмейді. Белгілі бір ЖСН-ге (демек – жеке тұлғаға) қатысты мәліметтер сақталады:
- сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде;
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде (оның ішінде ҚР ҚМ МКК базасында);
- басқа мемлекеттік мекемелердің базаларында.
ЖСН бірегейлік және өзгертілмеу қағидаттарын ескере отырып автоматты түрде қалыптасады. ЖСН деректерінің құрылымында пайдаланатын әртүрлі деңгейдегі ақпараттық банктер деректерінің тұтастығын сақтау мақсатында ол бастапқы қалыптастырылған сәттен бастап қандай да бір түрлендіруге немесе қайта өңдеуге жатпайды.
ЖСН Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің бет жағында, туған күнінен төмен, 12 цифрдан тұратын тіркес түрінде орналасқан, ал Қазақстан Республикасы азаматының паспортында ЖСН 2 бетте көрсетілген.
ЖСН алу үшін қандастарымыз және отбасының барлық мүшелері тұрғылықты жері бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығына» жүгінуі қажет. Ол үшін келесі құжаттар талап етіледі:
- бейрезидент жеке тұлғаның, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат;
- жеке басын куәландыратын құжатының нотариуспен ресімделген қазақ және орыс тіліндегі аудармасы.
ЖСН алуға құжаттарды тапсырған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде беріледі.
ЖСН алуға байланысты түсіндірме видеоны көру: https://www.youtube.com/watch?v=BTfIJqhuZL4&list=PLGkumaJyAlhJAOI8OmuSlCC5yCLiAL0yx
“Қандас” мәртебесін алу үшін этникалық қазақтар «Құтты мекен» мобильдік қосымшасы немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы өтінішпен қосып келесі құжаттырды тапсырады:
- еркін нысандағы өмірбаян;
- өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтардың шыққан елдерінің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары);
- жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлты жазылмаған жағдайда, өтініш берушінің ұлтын растайтын басқа да құжаттар белгіленеді.
Қандас мәртебін беру жөніндегі өтінішті, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жанындағы арнайы құрылған комиссия қарастырады. Комиссия «қандас» мәртебесін беруден бас тарту немесе мынадай шарттарды ескере отырып «қандас» мәртебесін беру туралы ұсыным шығарады:
- Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген өңірлерге қоныстандыру үшін;
- демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерация аумақтарында және ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда қоныстандыру үшін;
- тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын өтініш берушінің отбасымен және/немесе жақын туыстарымен қауышу үшін;
- тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін.
- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар оқу орнынан анықтаманы қоса бере отырып.
Қандас мәртебесінің мерзімі – 1 жыл.
Қандас мәртебесін беруді қарастыру мерзімі – 35 жұмыс күні.
ҚР тұрақты тұруын растайтын құжат – бұл тұру ықтиярхаты. Тұру ықтиярхатын алу үшін тұрақты тұруға рұқсат алу қажет. Рұқсат аумақтық полиция департаметтерінде беріледі.
Сонымен қатар, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, тұрақты тіркелген қоныс аударушының берген өтініші негізінде жүзеге асырылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелгенін және қоныс аударушыда, сонымен қатар онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығына тиесілі тұрғынжайдың бар-жоғын растайтын мәліметтерді алады. Осылайша, тұрақты тіркеуді алу аймақтық квотаға кандастарды қосу үшін маңызды процесс болып табылады.
Анықтама ретінде: ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 599 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеу үшін облыстық, қалалық немесе аудандық көші-қон қызметі бөлімшелеріне барып құжаттарын бірмезетте тапсыра алады. Тиісінше, тұрақты тұруға рұқсат алу мен азаматтық рәсімдеу бойынша шешім үш ай мерзімінде шығатын болады.
Егерде, қандастарымыз өңірлік квота аламын деген жағдайда, ҚР азаматтығына құжаттарын бірден тапсырмай, бұрынғы заңнамалық тәртіп бойынша алдымен шетел азаматының тұру ықтиярхатын рәсімдеуіне болады. Ыхтиярхатпен жүрген қандастарға ҚР азаматтары болып табылмағандықтан, қандастардың өңірлік квотаны иемдену құқығын шектемейді.
Қандас (оралман) мәртебесін және ЖСН алғаннан кейін, Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша ҚР ІІМ көші-қон қызметі бөлімшелеріне тиісті құжаттарды жинап тапсырады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) өтініш-сауалнама;
2) көрсетілетін қызметті алушының ұлттық паспортының, азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), олардың жарамдылық мерзімі өтініш берген күні күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;
3) бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын растайтын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
4) оның азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);
5) өтінішхат берушінің қолтаңбасымен қазақ немесе орыс тіліндегі өмірбаян;
6) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;
7) азаматтығы тиесілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
8) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
9) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;
10) «Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
11) көлемі 35х45 мм бір фотосурет;
12) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы анықтама (туу фактісін анықтаған не басқа мемлекеттік аумағында оның тұруы анықталған жағдайда жеке басты куәләгә жоқ көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде).
Ішкі істер органдары этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері өтініш берген кезден бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде олардың тұрақты тұруға рұқсат алу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы өтініштерін қарауға міндетті, рұқсат беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады.
Тұрақты тұруға рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталған кезде, көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға республика аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат түрінде беріледі.
Тұрақты тұруға рұқсат алуға байланысты видоны көру: https://www.youtube.com/watch?v=JIp30bReJTg&list=PLGkumaJyAlhJAOI8OmuSlCC5yCLiAL0yx&index=4
Тұрақты тұруға рұқсат негізінде ықтиярхат (шетелдік азаматтардың құжаты) алуға Халыққа қызмет көрсету орталықтарына қажетті құжаттар тапсырады. Аталған мекемелер ықтиярхатты, өтінішті қабылдаған сәттен бастап 17 жұмыс күнінен кешіктірмей беруі тиіс.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
– жарамды ұлттық паспорт;
– өлшемi 3,5 х 4,5 см. екі фотосурет (қағаз түрінде);
Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу үшін:
1) мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;
2) көлемі 3,5х4,5см үш фотосурет (формулярды қағаз жеткізгіште толтыру кезінде):
3) келесі құжаттардың бірі:
– жарамдылық мерзiмi аяқталған шетелдік паспорт;
– азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;
– 1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы);
– әскери билет;
– бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
– Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама;
– туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеу кезінде);
– Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері беретін оралу куәлігі (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде).
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 2024 жылы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 2433 адамға белгіленді.
2024 жылы квота келесідей бөлінді:
Абай облысы бойынша – 220;
Ақмола облысы бойынша – 285;
Қостанай облысы бойынша – 550;
Павлодар облысы бойынша – 902;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 207;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 269 адам.
Қандастардың тіркелген мекен-жайы: Абай, Ақмола, Қостанай, Павлодар, СҚО немесе Шығыс Қазақстан облыстарының бірінде болса, өңірлік квотаға ене алады.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 530 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген, қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар Мансап орталығына (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына) немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш береді.
Өтінішке қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен мынадай құжаттар қоса беріледі:
- қандастың және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
- неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмесі;
- білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.
Жергiлiктi атқарушы орган, өңірлік квотаға енгізу туралы өтініш білдіруші қандастардың тізімін қалыптастырады және өтініштерді алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға жолдайды.
Комиссия өтініш білдірушілердің тізімдерін алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Жергiлiктi атқарушы орган күнтізбелік 5 күн ішінде өтініш берушіге қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгені туралы шешімді жолдайды.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілетін болады, атап айтқанда:
– көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258 440 теңге) бойынша біржолғы төлем;
– 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке (55380 тг – 110760 тг.) дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;
Сондай-ақ, қоныс аударушылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында елімізде өткен жылдан бастап «Ұтқырлық сертификаты» енгізілген болатын. Осы арқылы қандастарымыз сатып алатын тұрғын үйдің 50 пайызын (4 млн теңгеге дейін) мемлекеттің қаражаты есебінен төлеп алуда.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы Комиссияның шешімі шыққаннан кейін, қандас Мансап орталығына (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына) немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ) төлемдерді алу үшін жүгінуі қажет.
Қажетті құжаттар тізімі:
- жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу бағыты бойынша қатысушылар қатарына қосу туралы өтініш;
- көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия тағайындау туралы өтініш;
- қандас мәртебесін растайтын құжат;
- тұруға ықтиярхат (көшірме);
- екінші деңгейдегі банкте ашқан жеке шотының нөмірі (20 таңбалы сан);
- тұрғын үйді жалға алу шарты немесе алдын ала сатып алу шарты (көшірмесі);
2024 жылы бір АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 3692 теңгені құрайды. Осылайша, 4 адамнан тұратын орташа отбасы біржолғы 280 АЕК алуға құқылы, бұл 1 033 760 теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді. Қазақстан Республикасының азаматын өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында жарияланған және кепілдік берілетін азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтарды барынша толық иеленеді.
Жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін:
- тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар;
- тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өз еркінен тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары;
- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар.
Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, халықаралық актілердің нормалары мен қағидаттарына негізделеді.
Көрсетілген және басқа да халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: әрбір адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұқпауға құқылы; ешкімді азаптауға, оған қатыгездік немесе оның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге және жазалауға болмайды;
- барлық адамдар заң алдында тең, заңды тең қорғауға құқылы;
- әрбір адам мемлекет шегінде еркін жүріп-тұруға және өзінің тұрғылықты жерін таңдауға құқылы;
- әрбір адам еңбек етуге, білім алуға, демалуға, оның отбасының денсаулығы мен әл-ауқатын қолдау үшін қажетті өмір сүру деңгейіне және т. б. құқылы.
Тұрақты тіркеуге және тұруға ықтиярхатқа ие бола отырып, қандас мәртебесі негізінде жеңілдетілген тәртіппен ҚР азаматтығын алуға болады.
Жеңілдетілген тәртіп бойынша ҚР азаматтығын алу үшін облыстардың ПД бастығының атына өтініш береді. ҚР азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
- бұрынғы мемлекетінің азаматтығынан бас тарту туралы өтініш (нотариуспен бекітілген);
- толық өмірбаян (еркін нысанда);
- сауалнама-өтініш;
- өлшемі 3,5 x 4,5 см төрт фотосурет;
- міндеттеме;
- жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
- қандас куәлігі;
- жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар – осы оқу орнында оқитын фактісін растайтын жоғары оқу орнынан анықтама;
- жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар үшін ұлтын растайтын анықтама;
- мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат (Салық кодексінің 619 – бабына сәйкес ҚР азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша қандастар мемлекеттік баж төлеуден босатылады).
Құжаттар тұрғылықты жері бойынша Полиция департаментінің Көші-қон полициясы бөлімшелеріне тапсырылады.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын растайтын құжат болып табылады. Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі Өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.
2. Қандастардың құқықтары мен міндеттері
Қандастар мен олардың отбасы мүшелері құқылы:
- Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен алуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға;
- қолдағы құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тегінің қазақ тілінде дұрыстап жазылуына;
- заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
- қызметтік немесе жеке тұрғын үй болмаған жағдайда қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында бір жылдан аспайтын мерзімге тіркеуге тұруға.
Қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға «Қандас мәртебесін» беру туралы олардың өтініштерін қарау және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін қажетті шынайы мәліметтер ұсыну;
- денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық тексеруден өту, екпелерді алуға, емдеу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындау
Тұруға ықтиярхат алған қандастардың:
– жұмысқа орналастыруда, біліктілігін арттыруда және жаңа кәсіпті меңгеруде көмек көрсету;
– орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарына түсу үшін квоталар бөлу;
– мұқтаждар үшін мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде, сондай-ақ әлеуметтік қорғау мекемелерінде орындар беру;
– зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу;
– заңнамаға сәйкес кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін алу;
– келген жерінде тұрғын үйді алуға қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақыны төлеу (квотаға енгендер үшін).
Өңірлік квотаға енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне мынадай қосымша көмек көрсетіледі:
– жергілікті атқарушы органдар қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне ҚР азаматтығына қабылдау туралы шешім шығарылғаннан кейін, тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау бойынша шығындарды өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін;
– қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегін бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетумен қамтамасыз етіледі;
– Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:
1) жедел медициналық көмек;
2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек;
3) амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:
АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы мен диагностикасы жөнінде қызметтер көрсету кезінде; жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде; әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде; уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде;
4) стационарды алмастыратын жағдайларда: әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде; уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде мамандандырылған медициналық көмек;
5) стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек:
айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде; уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша тәулік бойы стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагноз қойылғанға дейін тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу; уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша жоспарлы нысанда емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;
6) негізгі ауруды емдеу кезіндегі медициналық оңалту, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастарды медициналық оңалту;
7) уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек;
8) қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
9) патологиялық-анатомиялық диагностика;
10) қайтыс болғаннан кейін донорды ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алып қою, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.
– Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген техникалық және кәсіптік білім алуға, арнаулы орта және жоғары оқу орындарына түсуге квота көлеміне сәйкес мектептерде және мектепке дейінгі мекемелерде Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең орындармен қамтамасыз етілу мүмкіндігі;
– Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтік қорғау;
– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға көмек. Жұмысқа орналасуға, біліктілігін арттыруға және жаңа мамандықты игеруге көмек көрсету. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар елдің және өңірлердің экономикалық және әлеуметтік даму болжамдарының негізінде жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шараларын әзірлейді, олар:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу;
2) еңбек делдалдығы;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары;
4) жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету;
5) азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу жатады.
Қандастардың туыстары болып табылатын адамдар:
– балалары (соның ішінде асырап алғандар, растайтын құжаттары бар болса), және жұбайы;
– аға-інілері және әпке-қарындастары (сіңлілері), тікелей өзінің шыққан тегі бойынша туыстары және олардың отбасы мүшелері;
– немерелері және шөберелері;
– қандастардың кәмелеттік жасқа толған балалары, немерелері және шөберелері құрған отбасыларының мүшелері.
3. Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру
Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және қандастарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға.
Орталықтың негізгі міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін ұсыну мақсатында қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруын (тегін) қамтамасыз ету болып табылады.
2008 жылдан бастап Қарағанды, Шымкент қалаларында және Түркістан облысының Ақсукент ауылында қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары өз жұмысын бастады.
Орталықтарда іске асырылатын бейімдеу бағдарламалары құқықтық мәселелер бойынша консультация беруді, мемлекеттік тілді және қалауы бойынша — орыс тілін оқытуды, кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды көздейді.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары» КММ Байланыс ақпараты:
- Қарағанды облысы – Тел: 8(7212) 21-55-14. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Аманжол көшесі №92.
- Шымкент қаласы – Тел: 8(7252) 31-80-63. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, 1 мамыр көшесі №22/2.
- Түркістан облысы, Сайрам ауданы – Тел: 8(7253) 12-47-41. Мекен-жайы: Ақсукент ауылы, Қыстаубаев көшесі №5.
- Павлодар облысы – Тел: 8 (701) 921-15-34. Мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломова көшесі 150.
1. Орталықта уақытша негізде тұру үшін қандастар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері тегін орналастырылады.
2. Орталықты қайта құру немесе тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Орталық заңды тұлға құқығын иеленеді, дербес теңгерімі, Қазақстан Республикасы қаржы заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар мөрі, бланкілері болады.
3. Орталықта қандастардың қоғамға тезірек бейімделуі мен ықпалдасуына бағытталған жағдайлар жасалады.
4. Орталықта тегін тұратын қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне мынадай қызметтер көрсетіледі:
1) ақпараттық және анықтамалық қызметтер ұсыну;
2) аударма бойынша қызмет көрсету;
3) жұмысқа орналастыруда, кәсіптік даярлауда, қайта даярлауда және біліктілікті арттыруда көмек;
4) Қазақстан Республикасының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі жөнінде, заңнама негіздері және шағын бизнес ашу бойынша оқыту курстарын өткізу;
5) әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізу;
6) құқықтық қызмет көрсету (тіркелуге, “Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беруге, азаматтық, әлеуметтік жәрдемақылар алуға кеңестер, консультациялар беру және көмек көрсету);;
7) Қазақстан азаматтығын алу және құжаттандыру мәселелеріне жәрдемдесу;
8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін;
9) қазақ және орыс тілдерін оқыту;
10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесу.
5. Орталыққа орналастыру және ол жерде қандастарды ұстау Қазақстан Республикасының медициналық қамсыздандыру, санитарлық саулық, сәулеттік реттеу, құрылыс саласы, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық салаларының талаптарына сай болуы тиіс.
Орталық қандастарды оқыту үшін қажетті әдістемелік құралдар мен материалдық-техникалық жабдықтармен қамсыздандырылады.
6. Орталықтың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларын және Уақытша орналастыру орталықтарының қағидаларын бекіту туралы Бұйрыққа сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008601
4. «Ата жолы» картасын алу тәртібі
5. Жұмыспен қамту шаралары
«Ата жолы» картасы – бұл белгіленген үлгідегі құжат, ол бизнес-иммигранттарға немесе сұранысқа ие мамандықтары бар этникалық қазақтарға беріледі.
Айта кету керек, «Ата жолы» картасы он жылға дейінгі мерзімге беріледі, бірақ ол азаматтық елінің паспортының қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.
«Ата жолы» картасы келесі санаттардың біріне жататын этникалық қазақтарға беріледі:
Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуына мүмкіндік беретін мамандықтар мен талаптар тізбесі бекітілген Жарлыққа сәйкес маман иелеріне;
Қазақстан Республикасында шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат алу үшін сұранысқа ие мамандықтар тізбесі мен оны қалыптастыру ережелері бекітілген бұйрыққа сәйкес маман иелеріне;
Тұратын елінде тіркелген белсенді бизнесі бар тұлғаларға.
«Ата жолы» картасын алу үшін өтінішті «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы немесе migration.enbek.kz миграциялық ресурстар порталы арқылы беруге болады.
Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі;
жоғарыда аталған санаттардың біріне сәйкес келетін мамандығын растайтын диплом мен сертификаттар және азаматтық елінде белсенді бизнесінің бар екенін растайтын құжаттар (нотариалды куәландырылған аудармасымен);
егер жеке басты куәландыратын құжаттарда ұлты көрсетілмесе, этникалық қазақтардың шыққан еліндегі арнайы органдар берген ұлтты растайтын ресми құжат.
https://erulik.kz/files//ata_joly_kz.pdf
Тұрақты тіркеуге тұрғаннан кейін қала, аудандағы Мансап ортылғына жүгініп жұмыспен қамтылады және басқа да мамандықтар бойынша қайтадан оқуға болады.
Ықтиярхатпен жұмысқа орналасуға болады (мемлекеттік қызметтен басқа). Қала, ауданның жұмыспен қамту орталықтарына хабарласуға болады.
ҚР-ның азаматтығын алмаса жұмысқа орналасуға болады (мемлекеттік қызметтен басқа). Қала, ауданның жұмыспен қамту орталықтарына хабарласуға болады.
Enbek.kz – электрондық еңбек биржасы жұмысқа орналастыру мүмкіндіктер және қызметшілер құрамын іріктеуді қамтамасыз етуге арналған бірыңғай сандық алаңы. Бүкіл Республика бойынша бос жұмыс орындар және ізденушілер туралы ақпарат күн сайын әр түрлі деректерден жаңартылады:
– өздігінен жұмыс берушілерге және ізденушілерге;
– мемлекеттік еңбек дерек қорынан бос жұмыс орындарды және іздеушілерді (халықты жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен Мемлекеттік деректер ықпалданған).
– жұмыспен қамту жеке агенттіктермен;
– бұқаралық ақпарат құралдарымен;
– жұмысқа орналастыру онлайн-алаңдармен;
Портал Е-Биржа мүмкіндік береді:
– бос орындар және түйіндемелердің деректерін онлайн арқылы алуға;
– Жеке кабинетті тіркеу және бос орынды немесе түйіндемені орналастыру;
– порталда талап ететін критериялармен (қызмет саласы, кәсібі, аймағы) жаңадан жарияланған бос жұмыс орын және түйіндемелер туралы ақпаратты өзінңіздің электрондық адрісіңізге немесе Telegram мессенджіріңізге тарату алып тұруға жазылуға болады.
– пікірлердің тәртіптерін және сұбхатасуға шақыруларды пайдалана отырып, жұмысқа алуға немесе жұмысқа қабылданған болу;
– жұмыс берушінің Жеке кабинетінде арнайы жұмыс орынға қаржыландыруға өтінім жайғастыруға;
– халықты жұмыспен қамту орталықтарына ағымды бос орындар туралы ақпараттарды онлайн режимде жіберуге;
– қызметкермен еңбек шартын жұмыс берушінің жеке кабинетінде тіркеу және еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпарат жіберу;
– Интернеттегі статистикалық есептілікті ұсыну;
– кәсіптік бағдарлау тест өту және тестің тиісті нәтижелеріне сәйкес порталда бос жұмыс орынды табу;
– «Виртуалды кеңесші» модулі арқылы 18 мемлекеттік қызмет бойынша консультациялық көмек алу;
Е-Биржада тіркеу, бос орындар және түйіндемелердің деректерін, бос орындарды жариялау, түйіндемелерді және басқадай ақпараттарды тегін және тәулік бойы көруге мүмкіндік бар.
Сіз сондай-ақ түйіндеме жіберу және eGov мобильді қосымшасындағы бос жұмыс орындарына жазылу үшін электрондық алмасу қызметін пайдалана аласыз.
Е- Биржамен жұмыс және қызметшілерді іздестіру – ол дереу, жәйлі және жайша!
Facebook, VK, ОК, Twitter, Instagram әлеуметтік желіде порталдың өзінің парақшалары бар. Порталдағы бос орындар туралы ақпарат және статистикалық деректер ресми беттерінде күнделікті жарияланып тұрады.
Enbek.kz – электрондық еңбек биржасының сайты: https://www.enbek.kz/kk
6. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру басталды. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Бұл ретте МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде пациент медициналық қызметтердің көлемі мен құнын шектемейді.
МӘМС жүйесінің қазақстандық моделі әлеуметтік бағдарланған болып табылады. Яғни, халықтың 15 жеңілдік санатындағы 11 млн-ға жуық азаматқа мемлекет жарна төлейді.
Екі пакет бар: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), оларға сәйкес адамдар медициналық көмек ала алады.
Толығырақ ақпарат: https://egov.kz/cms/kk/articles/health_care/osms
Қандас мәртебесі бар адамдар зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін қандас куәлігі ұсынылады.
Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті олардың заңды өкілдері береді.
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус “Нотариат туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
Заңға сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011110
7. Мемлекеттік қызметтер
Бірыңғай байланыс орталығында қалай консультация алуға болады?
Ол үшін оңай есте қалатын – 1414 нөмірі бойынша хабарласу қажет, Қазақстан бойынша стационарлық және мобильдік телефондармен қоңырау шалу тегін (барлық ұялы байланыс операторлары), және шетелдік қоңыраулар үшін + 7-7172-701-998 ақылы қоңырау сонымен қатар хабарлама www.1414.kz сұхбатына қалдыруға немесе support@pki.gov.kz, sd@nitec.kz, egov@nitec.kz ,crm@nitec.kz электрондық поштасына жазуға болады.
2018 жылдың желтоқсан айында ББО “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Электрондық үкімет “(Chat-bot) порталында іске асырылған мемлекеттік қызметтер бойынша мәтіндік кеңес беру үшін жасанды интеллект негізінде «виртуалды кеңесші» бағдарламалық өнімін енгізді.
2019 жылдың ақпан айында ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бөлігінде чат-бота функционалын кеңейту шешілді.
Жаңартылған виртуалды кеңесші (Chat-bot) пайдаланушыларға кеңес беріп қана қоймай, танымал мессенджерлер: “Telegram”, “Facebook” және “Vkontakte” арқылы оларға бірқатар мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.
Осылайша, пайдаланушы мессенджерлер арқылы виртуалды Консультантпен диалог жүргізе отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер eGov.kz порталына өтпей, белгілі бір мемлекеттік қызметті мессенджерлер арқылы ала алады. Қазіргі уақытта 26 мемлекеттік көрсетілетін қызмет пен сервис іске асырылды. Бұдан басқа, чат-бот арқылы пайдаланушылар ББО онлайн операторына қосыла алады немесе одан әрі өңдеуге арналған міндеттерге айырбасталатын чатқа өтініштер қалдыра алады.
Виртуалды консультантты енгізу арқылы жиі сұралатын мемлекеттік қызметтер мен «электрондық үкімет» порталы сервистерінің автоматтандыруға мүмкіндік берді.Чат-бот пайдаланушының сұрауы бойынша ББО білім базасынан қажетті ақпаратты, сондай-ақ толық ақпараты бар сайт тарауларына сілтемені ұсынады. Сондай-ақ, чат-бот чаттарда немесе e-mail тарату арқылы пайдаланушыларды жаппай хабардар ету мүмкіндігі бар. Бұқаралық тарату мүмкіндігі пайдаланушылардың маңызды жаңалықтар туралы хабардар ету уақытын қысқартуға, олармен кері байланысты қолдауға және «электрондық үкімет» порталының жаңа мүмкіндіктері туралы хабардарлықты арттыруға мүмкіндік береді.
Толығырақ ақпарат: https://egov.kz/cms/kk/articles/communications/call_center
Бүгінде Астана қаласы әкімдігінің iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс орталықтарын біріктіреді және 24/7 тәртібінде жұмыс жасайтын қала тұрғындарымен байланысатын жалғыз орын болып табылады.
Барлық өтініштер өңделеді және тіркеу нөмірі беріліп, тұрғындар өтініштерінің тізіліміне енгізіледі және мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін әрі қарай мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жіберіледі.
Толығырақ ақпарат: https://astana.gov.kz/kz/ikomek/about
Қандастарымыздың төлқұжаттарын берген мемлекетіндегі азаматтарды тіркеу хал актілері жазбасы туралы анықтамасы, туу туралы куәліктің түп нұсқасындағы жазбалар бойынша қабылданады.
Егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі; ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі; өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және (немесе) әкесінің атын алғысы келуі сияқты сәйкес болмау жиі кездеседі.
Ондай жағдайда құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары арқылы дәлелдеп, сот шешімімен тегі, аты-жөні өзгертіледі.
Тану және нострификациялау рәсiмiн жүргізу үшін білім туралы құжаттарды қабылдау “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
8. Білім бойынша сұрақтар
Негізгі ҰБТ-ға тіркелу 28 сәуір -14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі
Тестілеу: 16 мамыр – 5 шілде
Тестілеуге қатысу құны – 4 230 тг
ҰБТ форматы:
5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Барлық тест тапсырмалар саны —120.
Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут)
Шекті деңгей балы:
Ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал “Педагогикалық ғылымдар” білім беру саласы, «Құқық» даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл.”Ауыл шаруашылығы және биоресурстар”, “Ветеринария” білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл.
Басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал “Педагогикалық ғылымдар” білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, “Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)” білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл.
Сонымен қатар, әр ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.
Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады.
Толық ақпарат: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020826 ,
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне түсуге арналған өтініштерді қабылдау 2023 жылғы 5 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды еліміздің жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне оқуға шақырады.
Гранттардың саны мен түрлері:
• Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін – 1300
• тілдік курстар үшін (шетел азаматтарына) – 50
• Түркия Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары үшін – 200
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 5 қыркүйегіне дейін
Қажетті құжаттар:
• еркін түрде жазылған, гранттың санатын көрсетілген қабылдау туралы өтініш;
• жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• жалпы орта (орта жалпы), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (ортадан кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен оған қосымшаның көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);
• электрондық форматтағы медициналық анықтама (бар болған жағдайда).
Барлық сұрақтар бойынша: +77172 28 75 26, admission@n-k.kz
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 қазанда № 17520 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.
Үміткерлер құжаттарды онлайн режимде 2023 жылғы 30 наурыз бен 30 маусым аралығында Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының сайты арқылы төменде көрсетілеген құжаттарды тапсырады.
Грант саны:
1. Бакалавриат – 490
2. Магистратура – 50
3. PhD докторантура – 10
Толық ақпарат үшін:
1. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017520
2.https://enic-kazakhstan.edu.kz/stipendialnye-programmy/operativnaya-informaciya
Барлық сұрақтар бойынша +7(7172) 28 75 26, +7 (7172) 287531
9. Консулдық қызметтер бойынша сұрақтар
Бұл визаны алатындар: Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшесі болып табылатын адамдар, Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар мен бұрынғы қандастардың, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ бизнес иммигранттардың отбасы мүшесі болып табылатын адамдар (кемінде екі жыл мерзім).
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері (ҚР ІІМ келісімінсіз) мына құжаттардың негізінде береді:
1) шақырушы тараптың қолдаухаты (еркін нысанда);
2) Қазақстан Республикасы азаматтарын қоспағанда, шақырушы адамның уақытша тұруға рұқсаты (нотариалды куәландырған көшірмесі);
3) шақырушы адам мен отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырған көшірмесі);
4) шақырушы адамның Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген кемінде ең төменгі жалақы мөлшерінде әрбір отбасы мүшесін ай сайын ұстауға ақшасының болуын растау;
5) шақырушы тараптың Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үйінің болуын растау, оның алаңы әрбір отбасы мүшесіне белгіленген ең төмен нормативтерге, сондай-ақ санитарлық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де нормаларға сәйкес келуге тиіс (нотариалды куәландырған көшірмесі);
6) шақырушы адамның отбасының әрбір мүшесі үшін медициналық сақтандыру;
7) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттік уәкілетті органдары ұсынған, шақырушы адаммен отбасылық қатынасты растайтын құжат (нотариалды куәландырған көшірмесі);
8) отбасының кәмелетке толған мүшелеріне соттылығының болуын не жоқтығын растайтын құжат.
Бұл виза тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына жіберілген немесе келген этникалық қазақтар алады.
Визаны Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелер: (Қазақстан Республикасы ІІМ-мен келісусіз) және Қазақстан Республикасы ІІМ мынадай құжаттар негізінде береді:
1) өтініш иесінің ұлтын растайтын шетелдік мемлекеттің құзыретті органы беретін құжаттар – жеке басты куәландыратын құжаттарда ұлты туралы жазбасы болмаған жағдайда;
2) басым тәртіппен (ол болған кезде) оралмандарды иммиграциялық квотағаенгізуге құқық беретін құжаттар;
3) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде № 7274 нөмірімен тіркелген) Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салатын аурулардың жоқтығы туралы анықтама;
4) соттылығының болуын не жоқтығын растайтын құжат.
Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына бара жатқан, немесе Қазақстан Республикасындағы адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.
Визаны ҚР-дың шет елдердегі мекемелері және ҚР ІІМ шақыру негізінде береді. Визаны ҚР ІІМшетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге берілген еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасына жұмысқа орналасуға немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу талап етілмейтігін дәлелдейтін құжаттар бар болған жағдайда, шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде береді.
Миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін жіберілетін адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері шақыру негізінде береді.
Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек саласында қайтарымсыз негізде қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жіберілген волонтерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде қайрымдылық, гуманитарлық көмек және гранттар беру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін адамдар.
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР ІІМ шақыру негізінде береді.
Осы тармақтарда көрсетілгендер оқу визасын ала алады:
1) Орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім бойынша білім беру оқу бағдарламалары, оның ішінде білім алушылармен алмасу және дайындық курстарынан өту бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқу, оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдар;
2) Орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім бойынша білім беру оқу бағдарламалары, оның ішінде білім алушылармен алмасу және дайындық курстарынан өту бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқып жатқан адамдар, сондай-ақ олардың отбасымүшелері;
3) Қазақстан Республикасына уақытша келген және Қазақстан Республикасының оқу орындарына оқуға түскен этникалық қазақтар, сондай-ақ визасыз режиммен келгендер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері мен ҚР ІІМ шақыру негізінде береді (кәмелетке толмаған виза алушылар үшін ата-аналарының немесе қорғаншыларының, қамқоршыларының нотариалды куәландырылған келісімі қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар болғанда).
Көп мәртелі визаны ҚР ІІМ.
3)-тармақтағы адамдарға, ұлттық тиесілігін растайтын құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының оқу орындарының қолдаухаты негізінде береді.
10. Шығу елінен алып келетін құжаттар
Қазақстанда тұрақты тұруға және азаматтықты алуға ҚХР-дан шықпас бұрын, құжаттарды алдын ала апостильдеу керектігін хабарлаймыз!
2023 жылғы Қытай Халық Республикасы Гаагада жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын Конвенцияға (бұдан әрі – Конвенция) қосылғанын хабарлаймыз. Конвенция ҚХР-ға қатысты 2023 жылғы қараша айында күшіне енді.
Конвенция күшіне енген сәттен бастап Қытайдың Қазақстанда пайдалану үшін беретін ресми құжаттары бұдан былай консулдық заңдастыру рәсімінен өтпейді, оның орнына Қытайда қосымша сертификаттар (апостиль) берілетін болады.
Сертификаттар (апостиль) оған елтаңбалы күміс түсті мөр бекітілген жапсырма түрінде ресімделеді (жапсырма және мөр форматы қоса берілген).
Қытайда сертификаттар (апостиль) беру бойынша уәкілетті орган – Сыртқы істер министрлігі болып табылады.
Сондай ақ, сыртқы істер кеңселері өздерінің әкімшілік аудандарында берілген ресми құжаттарға сертификаттар (апостиль) береді.
Ендігі кезекте, Қытай Халық Республикасы азаматтарының Қазақстанға келмес бұрын, құжаттарын алдын ала апостильдеуі қажет!
Қазақстанда тұрақты тұруға және азаматтықты алуға Моңғолиядан шықпас бұрын, құжаттарды алдын ала апостильдеу керектігін хабарлаймыз!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шетел мемлекеттерінен келген азаматтардың құжаттарын міндетті түрде заңдастырылған (легализацияланған) кезде ғана қабылдайды.
Моңғолия елінің азаматтары Гаага конвенциясына сәйкес, құжаттарына апостиль қойдырып алып келген жағдайда, қайтадан заңдастыру (легализациялау) қажеттілігі жоқ.
Қазақстанға қоныс аударар алдында барлық құжаттарға (туу туралы куәлігі, паспорты, неке куәлігі, соттылығы жоқ деген анықтама) міндетті түрде апостиль қойдырып алуларыңызды сұраймыз. Болмаған жағдайда, Қазақстанға келгенде құжаттарыңызды Моңғолия Елшілігіне барып растап, одан кейін ҚР Сыртқы істеп министрлігінің Консулдық қызметінде заңдастыруларыңыз қажет болады. Ал ол, өз алдына уақыт пен қаржы шығындарын талап ететінін ескертеміз.
Қоныс аударушы этникалық қазақтар шығу еліндегі тиісті органдардан соттылығының болмауы туралы анықтаманы өзімен бірге алып келуі қажет. Анықтамада құжатты берген тұлғаның қолы қойылған және мекеменің мөрі басылған болуы керек. Анықтама шетел тілдерінде жазылған жағдайда қазақ тіліне немесе орыс тіліне аударылып, нотариуспен бекітілуі тиіс.
11. Аймақтағы Фронт-кеңселермен байланыс
1. Алматы қаласы бойынша сарапшы – Омарали Адилбекулы,
Мекен-жайы: Алматы қ., Уәлиханов көшесі 43А, №401 кеңсе, тел: +7 701 722 1888.
2. Алматы және Жетісу облыстары бойынша сарапшы – Ахметов Серыкхан Қалибекұлы,
Мекен-жайы: Алматы қ., Уәлиханов көшесі 43А, № 401 кеңсе, тел: +7 702 077 77 04.
3. Ақмола облысы бойынша сарапшы – Шогшир Дахан;
Мекен-жайы: тел: +7 701 450 90 57.
4. БҚО бойынша сарапшы – Сафуллин Жантас Набиоллаұлы,
Мекен-жайы: тел: +7 708 434 24 63, 8 (7112) 34 24 63.
5. Жамбыл облысы бойынша сарапшы – Тулебаев Арқабек,
Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі 6 Г, тел: +7 747 111 11 26, +7 775 042 06 73.
6. Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша сарапшы – Башай Меруеш,
Мекен–жайы: Қарағанды қ., Шахтеров көшесі 64, № 103 кеңсе, тел: +7 702 585 86 67.
7. Қостанай облысы бойынша сарапшы – Жаримбетова Назира Қыпшақбайқызы,
Мекен-жайы: Қостанай қ., тел: +7 701 150 94 43.
8. Маңғыстау облысы бойынша сарапшы – Баймуналова Набат Кулжабаевна;
Мекен-жайы: тел: +7 778 916 1269.
9. Павлодар облысы бойынша сарапшы – Заут Болат,
Мекен-жайы: Павлодар қ., Машхур Жусуп көшесі 35/1, №110 кеңсе, тел: +7 702 602 88 88.
10. СҚО бойынша сарапшы – Кокбас Жазира, тел: +7 747 196 72 81.
11. ШҚО және Абай облысы бойынша сарапшы – Хуанбай Аскерхан,
Мекен-жайы: Өскемен қ., Н.Назарбаев даңғылы 68, №12 кеңсе, тел: +7 701 183 00 84.
12. Шымкент қ. және Түркістан облысы бойынша – Рысбеков Бегалы Мейркулұлы;
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғани Иляева көшесі 29, №2 кеңсе, тел: +7 701 641 41 03.
