Сұранысқа ие кәсіптер тізбесі бойынша өтінішхат алуға өтініш

Сұранысқа ие кәсіптерге сипаттама

Жұмыс орындарының саны мен қызметкерлерге деген қажеттілік осы мамандықта жұмыс істейтін қызметкерлердің санынан асып түсетін кәсіп болып табылады. Осы қызмет Қазақстанда таңдалған бір сұранысқа ие кәсіп бойынша ШЖК тұлғаларымен беруге арналған

НҚА

Кәсіптер тізбесі

Денсаулық сақтау:

Нейрохирург дәрігер

Гематолог дәрігер

Онколог дәрігер

Неонатолог дәрігер

Эндокринолог дәрігер

Анестезиолог-реаниматолог

Акушер-гинеколог дәрігер

Педиатр дәрігер

Сәулелік диагностика дәрігері

Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары:

Бейорганикалық заттар технологиясы бойынша зерттеуші инженер

Органикалық заттар технологиясы бойынша зерттеуші инженер

Фармацевтикалық өнеркәсіп технологиясы бойынша инженер

Пайдалы қазбаларды дайындау технологиясы бойынша зерттеуші инженер

Авиациялық инженер

Ғарыштық жүйе аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша инженер

Жаңа техника мен технологияны енгізу бойынша инженер

Лазерлік жабдық бойынша инженер

Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы бойынша зерттеуші инженер

Медициналық радиохимик инженер

Медициналық физик инженер

Текстиль шикізатын жіктеуші

Бактериолог

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі саласында:

Ақпараттық технология-инфрақұрылым архитекторы

Бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы

Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушісі

Бағдарламалық өнімдерді қолдау маманы

Мобильді қосымшалар әзірлеушісі

Компьютерлік ойындар әзірлеушісі

Жасанды интеллект бойынша инженер

Үлкен деректермен жұмыс істеу маманы

Ақпараттық жүйелер архитекторы

Қосымшалар бағдарламашысы

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бизнес-аналитик

Бағдарламалық қамтамасыз ету дизайнері

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жобалары менеджері

Ақпаратты қорғау бойынша инженер

Бұлттық есептеулер маманы

Автоматтандыру бойынша инженер

World Wide Web-әзірлеуші

Бағдарламашы-аналитик

Ақпараттық-технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша жоғары оқу орнының оқытушысы, доцент, профессор

Ақпараттық қауіпсіздік маманы

Серверлер әкімшісі

Қосымшалар әзірлеушісі

Ақпаратты қорғау маманы

Педагогикалық ғылымдар:

Өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс)

Креативті индустриялар саласында:

Графикалық дизайнер

Графикалық анимация техникі

Суретші-иллюстратор

Дыбыс операторы

Видеомонтажер

Қажетті құжаттар тізбесі

1. Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері

2. Білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері мен аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде)

3. Біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесінің (өтілінің) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кәсіптік стандарттарға, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшылардың кәсіптеріне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы