Қоныс аударушылардың аймақтық квотасы

Қызмет сипаттамасы

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін адамдардың жаңа тұрғылықты жерге:

1) бір облыс шегінде экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан экономикалық даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерге, моноқалаларға, аудандық (облыстық) маңызы бар қалаларға;

2) ерікті түрде қоныс аударуды көздейтін Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасына сәйкес қоныс аударушыларды және қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару арқылы жүзіге асырылады.

НҚА

Мемлекеттік қолдауға не кіреді?

Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:

1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге, тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен экономикалық мобильділік сертификаттары түрінде материалдық көмек беруді;

2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй ұсынған жағдайларды қоспағанда, қызметтік тұрғынжай немесе жатақханалардан бөлме беруді;

3) жұмыс берушінің қажеттілігі болған кезде кәсіптік оқытуды;

4) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесуді;

5) жұмысқа орналасуға субсидиялар бере отырып, жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті қоныс аудару шараларына қатысатын жұмыс берушілерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды.

Материалдық көмек:

Көшуге арналған субсидиялар отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде бір рет беріледі;

тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу ай сайын, он екі айдан көп емес тұрғын үй алғанға дейін мынадай мөлшерлерде өтеледі:

1) қалалық жерге қоныс аударғандар үшін:

бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде;

отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК мөлшерінде;

отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде төленеді;

2) ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін:

бір адам үшін 15 АЕК мөлшерінде;

отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;

отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде төленеді;

Экономикалық мобильділік сертификаты тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1 160 АЕК-тен асырмай беріледі

Қажетті құжаттар тізімі

1) қоныс аударушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (бар болса), оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен;

2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса);

4) еңбек қызметін растайтын құжат (болған кезде);

5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен көзделген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды және (немесе) жұмыссыздарды тіркеу туралы құжат (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 маусымда № 32850 болып тіркелді).

6) отбасы мүшелерінің туу туралы куәлігі (болған кезде);

Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды “электрондық үкімет” веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе “Электрондық үкімет” веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

7) “Мәңгілік ел жастары-индустрияға!” (“Серпін”) және “Жарқын Болашақ” аталған жобаға қатысқандарын растайтын оқу орны бар анықтаманы ұсынады.