Еңбек иммигрантының түйіндемесін жасаңыз

Еңбек иммигранты (TИ)

– еңбек иммигрантына берілген рұқсаттың негізінде үй шаруашылығындағы жұмыс беруші – жеке тұлғалардан жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген иммигрант.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-қажетті құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап http://migration.enbek.kz / – өтініш келіп түскен күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні; құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

Осы қызметті көрсетудің нәтижесі – еңбек иммигранты рұқсат беру (не ұзарту) не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

Алғашқы өтініштер кезінде-қажетті құжаттар тізбесі:

1. Еңбек иммигранты рұқсат беру туралы өтініш;

2. Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

3. Мемлекеттік шекарадан өткені туралы белгісі бар паспорт (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

4. Таңдалған мамандық бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын шетел азаматын медициналық куәландыру туралы анықтама (075/у нысанындағы медициналық анықтама);

5. Дактилоскопиялаудан және суретке түсіруден өткені туралы анықтама-6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (КЗ-да төменде көрсетілген) (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде иммигранттың еңбек рұқсатын алғаны туралы мәліметтер болған кезде дактилоскопиялау және суретке түсіру жүргізілмейді);

6. Медициналық сақтандыру (сканерлеуден кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

7. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты “Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру” проактивті Мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда (сканерлеуден кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).

Қайта жүгінген кезде рұқсатты ұзарту үшін келесі құжаттар қажет:

1. Еңбек иммигранты рұқсатты ұзарту туралы өтініш;

2. Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

3. Еңбек иммигранты бұрын берілген рұқсат;

4. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты (сканерлеуден кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

5. Медициналық сақтандыру (сканерлеуден кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).